Құлжа тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-шақырымында болған.
«54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.