Белгілі болғандай, күдікті біраз уақыттан бері Көкшетау қаласының аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан
Көкшетауда синтетикалық есірткі жасырған адам ұсталды
981
оқылды

Көкшетауда синтетикалық есірткі жасырған адам ұсталды. Полиция қызметкерлері тінту кезінде күдіктіден полиэтилен пакетке салынған 30 бума мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 37 жастағы күдікті 23 маусымда «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қолға түскен.

«Тінту кезінде күдіктіден полиэтилен пакетке салынған 30 бума мефедрон тәркіленді. Алынған заттың нақты құрамы мен салмағын сараптама анықтайды. Белгілі болғандай, күдікті біраз уақыттан бері Көкшетау қаласының аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан және ұсталған күні де сол заңсыз кәсібін жүзеге асыруға тырысқан», – деді ведомствода.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 264-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, онда ол үш жылдан бастап жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда қоғам белсендісі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталғанын жазған едік.