Мамандардың болжамынша, ол қола дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін.
Ақмола облысында қола дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды
1,666
оқылды

Ақмола облысы аумағындағы Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу кезінде адам сүйегі табылды. 

Орталық мамандарының мәлімдеуінше, адам сүйегі оң жағымен, басы солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде орналасқан.

"Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған", – делінген Ақмола облысы Мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы таратқан  хабарламада.

Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды.

Ақмола облысы Мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ хабарлауынша, "жерлеу ерекшеліктеріне сүйене отырып, уақыт кезеңі қола дәуіріне жатады деп болжауға болады (б.з.д. алғашқы 1-2 мың жылдық)".

Тарихшылар бұл нұсқа қорғанды толық зерттеп, табылған жәдігерлерге тиісті талдау жүргізгеннен кейін нақтылауы мүмкін екенін алға тартты.