Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды.
Эльдар Толғанбаев жаңа қызметке тағайындалды
988
оқылды

Үкіметтің қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Д.А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы болып бастаған.

2005-2006 жылдары – Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы.

2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында қызмет еткен.

2008-2012 жылдары – бас кеңесші; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының жедел ақпарат секторының меңгерушісі.

2012-2016 жылдары – ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.

2019 жылы жеке құрылымында жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020-2022 жылдары – «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары.

2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.