Іле-Балқаш резерватының аумағында бірлескен күш-жігермен өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Өртті сөндіруді бірнеше жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс қалдығы қиындатады, онда авиацияны қолдана отырып өртті сөндіруге қарамастан, жану жалғасуда.
Өрт автотехникасының өтуі мүмкін емес және өрт орнына жету қиын болғандықтан, қол құралдарын: хлопушкаларды, мотопомпаларды және шанц құралдарын пайдалану арқылы өрт жер үсті тәсілімен сөндірілуде.
Сондай-ақ, жел бағытын ескере отырып, өрт ошақтарын қарама-қарсы өртпен сөндіру әдісі қолданылады.
Қазавиақұтқару тікұшағы су ағызу құрылғысын қолдана отырып, су төгуді жалғастырып жатыр.