«Қазгидромет» РМК 29 маусым – 1 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
6,367
оқылды

«Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді, онымен қысқамерзімді жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болжанады, бұршақ жаууы ықтимал. Ал солтүстік пен орталықта күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады», – делінген хабарламада.

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстік аумақтарда 25-30 градусқа дейін, орталықта 30-35, оңтүстікте 33-38, оңтүстік-шығыста 28-33, шығыста 17-25 градусқа көтеріледі.

Елдің батысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Күндіз күн 25-30 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыста – 33-38 градус.