Құрметті азаматтар, алаяқтардың айла-қулықтарына түсіп қалмаңыздар!
Екі зейнеткер әйел бар жиған-терген ақшасын алаяқтарға беріп қойды
2,816
оқылды
Талдықорғандық зейнет жасындағы екі әйелдің де қыздары автокөлік жүргізеді. Осы ақпаратқа ие алаяқтар екі зейнеткерге телефон соғып, екі жағдайда да өздерін тәртіп сақшысымыз деп таныстырған.

Полиция екі жағдайда да алаяқтар бір сценарий бойынша жұмыс істеген, яғни қызыңыз адамды қағып кетті, ауыр халде ауруханаға жатқызылған адамға, сондай-ақ көлік апаты фактісі бойынша қиындықтарды "шешуге" шамамен 5 млн теңге қажет деп қоңырау шалады.

Жәбірленушілердің бірі алаяқтарға 3,5 млн теңге берсе, екіншісі 1 млн теңгесінен айырылған.

"Құрметті азаматтар, алаяқтардың айла-қулықтарына түсіп қалмаңыздар! Бейтаныс адамдармен, әсіресе телефон арқылы сөйлескенде қырағы және абай болыңыздар. Алаяқтардың әрекеті туралы білген жағдайда дереу полицияға хабарласу керек", – делінген хабарламада.