Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Атыраулық тұрғын әкесін ұрып өлтірген
1,265
оқылды

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, – деп хабарлайды Астана арнасы.

Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

 «Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөлімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәтижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір-біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкелі-балалы екендігі анықталып отыр», – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.