Мемлекет басшысына «Қорғау» мобильді қосымшасының жұмыс істеу принципі көрсетілді.
Полицияның планшетіне маңайда жүрген «қауіпті» жүргізуші туралы хабарлама бірден келеді. Осылайша, «қауіп төндіретін топтармен», яғни жол жүру ережесін жиі әрі әдейі бұзатын жүргізушілермен жеке жұмыс жүргізіледі.
Бұл бағдарлама тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде еліміздің 16 аймағында және кейбір моноқалаларда қолданылады.