Бәсекенің әділ өтуін 8 төреші қадағалайды
«Qazaqstan Barysy» турнирінің финалында 41 палуан белдеседі
1,459
оқылды

Екінші шілдеде миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулаған «Қазақстан Барысы» турнирінің 12-ші финалы өтеді. Дүбірлі додада 41 палуан бақ сынайды. Барлығы да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар. Олар өз аймақтарында өткен іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, әскер барысының 2 жүлдегері бар. Жарыстың жүлде қоры 40 миллион теңге. Жауырыны жерге тимеген палуан 25 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Ал боз кілемдегі бәсекенің әділ өтуін 8 төреші қадағалайды.

"Халықаралық деңгейге шығу дегеніміз бізде мысалыға ұлттық спортымызды насихаттап, дәріптеп келе жатырмыз. Мысалы, жапондықтардың суммо күресі бар, татарлардың белбеу күреші бар. Біздің ұлттық күресіміз қазақ күресін біздің ең басты мақсат олимпиада бағдарламасына кіргіздіру",– деді Диас Ахметшәріп «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ресми өкілі.