Төбелестің мән-жайы анықталуда.
Әлеуметтік желіде жолаушы мен автобус жүргізушісінің төбелескен видеосы тарады
1,265
оқылды

Алматыда аялдамалардың бірінде жолаушы мен жүргізуші төбелескен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбадан жас жігіттің автобус жүргізушісіне қарай жұдырық ала жүгіргенін және тепкенін байқауға болады.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факті бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Төбелестің мән-жайы анықталуда. Қазақстанның заңнамасына сәйкес,  шаралар қолданылады»,  деп атап өтті қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.