"Қазгидромет" синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Астанада 2-3 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары.
2 шілде күні Батыс Қазақстан облысының солтүстік, шығысында күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда 2 шілдеде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.
2 шілде күні Қарағанды облысының оңтүстігіне шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 18 м/с жетеді. 36 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
2 шілде түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз облыстың көп бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, батысында 23 м/с жетеді. 2-3 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары. Петропавлда 2 шілдеде күндіз оңтүстік-шығыстан жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 2-3 шілде күні өрт тұтану қаупі жоғары.
2 шілдеде Атырау облысының солтүстік, шығыс пен оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, түнде шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. 2 шілде күні облыстың солтүстік, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 2 шілде күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.
2 шілдеде Жетісу облысының Алакөл көлдері аумағында солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 17-22 м/с болады. 2-3 шілдеде облыстың көп бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болады. Талдықорғанда 2-3 шілде күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.
2 шілде күндіз Ұлытау облысының солтүстік және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні – 18 м/с. Күндіз облыстың көп бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болуы мүмкін. 2 шілдеде облыстың оңтүстігінде өрт тұтану қаупі болады. Жезқазғанда 2 шілде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 18 м/с жел тұруы мүмкін, 35-36 градус қатты ыстық болады.
2 шілде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік, батыс, орталығында күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде облыстың оңтүстік, батыс, солтүстік, күндіз шығыс, оңтүстігіне оңтүстік-батыс, батыстан жылдамдығы 17-22 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 2 шілдеде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.
2 шілде Қызылорда облысының солтүстік, батыс және орталығында күн күркірейді, дауыл соғады. Солтүстік, батыс пен орталығында батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін. Облыстың батыс, шығысында төтенше өрт қаупі, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 шілде күндіз күн күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 40 градус аптап ыстық болуы мүмкін. 2 шілдеде өрт тұтану қаупі жоғары.
Абай облысының оңтүстік-батысында 2 шілде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батыс, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
2 шілде күндіз Түркістан облысының солтүстік, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Таңертең және күндіз солтүстік, батыс және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аймақтарында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады. 2 шілдеде облыстың көп бөлігінде төтенше өрт тұтану қаупі бар. Шымкентте 2 шілдеде төтенше өрт тұтану қаупі сақталады. Түркістанда 2 шілде күндіз 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
2 шілде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығыс, оңтүстігінде күн күркірейді, солтүстігінде тұман болады. Облыстың шығыс, оңтүстігінде 15-20 м/с солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады.
2 шілде Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік пен батыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында 35-37 градус қатты ыстық болуы мүмкін. 2-3 шілдеде облыстың оңтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі жоғары.
2 шілде түнде Маңғыстау облысының батыс, солтүстік, шығыс бөлігінде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың батысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысы, солтүстігі мен шығысында батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтауда 2 шілде түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
2 шілде таңертең және күндіз Қостанай облысының батыс, солтүстік, оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанайда оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.