Көліктің нашар техникалық жай-күйі Жетісу облысында адам өліміне әкеліп соқты. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлайды.
Жетісудағы жантүршігерлік жол апаты: бір адам көз жұмды
975
оқылды

Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 208 шақырымында жол бойындағы металл қоршауына соқтығысқан Toyota Camry автокөлігінің қатысуымен болды. Шетелдік көліктің жүргізушісі 40 жастағы әйел рульді басқара алмай қалған. 

Оқиға орнында 73 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. Әртүрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. 

Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда.