Түркістан облысында тағы бір ауыл шылым мен ішімдіктен бас тартты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Түркістан облысында бүтін бір ауыл темекі мен ішімдіктен бас тартты
3,428
оқылды

Салауатты өмір салтын ұстанатын елді мекенде денсаулыққа зиянды өнім, мүлде сатылмайды. Бұл ауыл ақсақалдарының бастамасы екен. Төле би ауданы Қоғалы ауылында соңғы уақытта қылмыс дерегі тіркелмеген. Ажырасатындар да аз. Былтыр аймақтық байқауда бұл ауыл "Үлгілі  елді мекен" атанды. Түркістан облысы бойынша кейінгі алты жылда темекі мен алкоголь тұтынбайтын ауыл саны 12-ге жеткен. Келген қонақтардың өзі, ауылдың жазылмаған заңына бағынады. Өйткені жергілікті дүкендерде, спирттік ішімдіктер мен табак өнімдеріне сұраныс жоқ.

“Табиғат аясында тұрғаннан кейін өзіміздің денсаулығымызды құртқымыз келмейді. Үлкендердің шешімі бойынша керек заттар, азық-түліктер сатамыз. Алкогольді ішімдіктер және темекі сатпаймыз. Барлық заттар күнделікті күнкөріске нан, жаңағыдай сулар соларды сатамыз”,– деді Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны Нұртөре Нұржамал.