Түркістан облысында кенеден зардап шеккен 6 адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды.
Оңтүстікте 6 адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды
1,506
оқылды

Соңғы дерек Кентау қаласында тіркелді. Кене шаққан тұрғын өзін жайсыз сезініп, үш күннен кейін дәрігерге қаралған. Қазір науқас ауруханаға оқшауланып, аурудың белгілері зертханада тексеріліп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыл басынан бері облыста 842 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Соның 37-сі Конго-Қырым гемморагиялық қызбасына күдікті ретінде тексеріліп, алтауының қатерлі кеселге шалдыққаны расталды.

«Қазіргі таңда 6 жағдайда тіркеліп отыр. Оның ішінде Ордабасы ауданында, Түркістан қаласында, Сауран ауданында екі жағдай. Міне, кешегі күні Төлеби ауданында тіркеліп отыр. Қарым-қатынаста болғандардың бәрін анықтап, барлығына медициналық бақылау жүргізіліп жатыр», – дейді Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.