Синоптиктер 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанда 4-6 шілде күндері ауа райы қандай болады?
11,142
оқылды

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

6 шілдеде республиканың шығыс, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ батыста күндізгі температура 33-39 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Солтүстік-батыста және орталықта 25-35 градус, солтүстікте 25-30 градус, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градус, оңтүстікте 25-38 градус болады.