Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
1,289
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.