2023 жылғы 4 шілдеде Астана күні қарсаңында – бас қаламыздың 25 жылдығына орай Астана қаласы əкімдігінің бастамасымен бой көтерген Журналистер аллеясының салтанатты ашылу рəсімі өтті.
Бұл саябақ – қолына қалам ұстаған тілшілер қауымының, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің басын қосатын, ортақ жетістіктерімізді атап өтуге, бұқаралық-мəдени шаралар өткізетін алаңға айналмақ. Аллеяда баспа саласы қызметкерлерінің құрметіне «Оқырман» мүсіні жəне тілші мен оператордың мүсіні орнатылған.
Іс-шараға ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі, Астана қаласының əкімі Жеңіс Қасымбек, «Байқоңыр» ауданының əкімі Ерлан Жаулыбаев, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, БАҚ ардагерлері мен құрметті өкілдері, мəдени сала қызметкерлері, елордалық мəслихат депутаттары мен жастар қатысты.