Бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігі жол апатына ұшырады. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жапондық шетелдік көлікті 34 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 177-шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.
Қаза тапқан адам – Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны. Оның елсіз далада түн ортасында трассада жүрген себебін полицейлер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу басталды.
Автокөлікті арнайы автотұраққа қойды.