Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәулен Әшімбаев «Теңізшевройл» ЖШС бас директорымен кездесті
1,107
оқылды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Теңізшевройл» ЖШС-ның Бас директоры Кевин Лайонмен кездесті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар мұнай саласындағы өзекті мәселелерді және компанияның жұмыс жоспарын талқылады.

Сұхбат кезінде өндіріске озық технологияларды енгізу мәселелері кеңінен сөз болды.

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына қол жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ биыл маусым айының басында болған Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы су тапшылығына назар аударып, бұл проблеманы қазіргі заманның басты сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті. Осы тұрғыдан келгенде, озық технологиялардың өзекті екені анық.

Сонымен қатар кездесуде еліміздің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған газ жеткізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері әңгімеге арқау болды.

Өз кезегінде Кевин Лайон компанияның алдағы жоспарлары туралы айтып, өзара белсенді іс-қимылға дайын екенін жеткізді.