Коммуналдық қызметкерлер бұл учаскеде құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.
Қостанайда коммуналдық қызметтің қызметкерлері адам сүйектерін тауып алды
2,070
оқылды
Қостанайлық полицейлер коммуналдық қызметтер тапқан адам сүйектерінің жеке басын анықтап жатыр.

Құзырлы органның мәліметінше, 4 шілде күні сағат 14:30-да полицияға "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысындағы учаскеде адамның сүйегін тауып алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Коммуналдық қызметкерлер бұл учаскеде құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Полицияның ақпаратынша, қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.