Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 4 пайыздық несие мемлекет тарапынан тоқтатылған.
QazaqstanTV-тің мәліметінше, дәл осындай бағдарламаны Қазақстан Даму банкі де жүргізіп отыр. Кредит беру жалғаса береді. Онда да жылдық мөлшерлеме – 4%, қайтару мерзімі – 7 жыл. Ал алғашқы жарна 10 пайыздан басталады. Даму банкі жеңілдетілген автонесиені екінші деңгейлі төрт банк арқылы револьверлік негізде беріп жатыр. Ал бағдарламаның айналымындағы қаржы көлемі – 82 миллиард теңге.
Бұған дейін жеңілдетілген автонесиені өтініш беріп үлгергендер ғана алған болатын.