Атырау облысында Астана күніне орай бірқатар іс-шара өтеді.
Атырауда елорда  күнінің 25 жылдығына орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды
936
оқылды

 Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Асылбек Жылқыбекұлының айтуынша,  бас қаланың 25 жылдығына орай, концерттен бастап спорттық фестивальдерге дейін түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр.

 – 6 шілде күні облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Астана – елімнің ордасы» атты мерекелік концерт өтеді. Бұл концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді. Сонымен қатар Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Астана  арман қала» атты апталық кітап көрмесі ұйымдастырылады. Елорда күні тек қала бойынша емес, аудан орталықтарында да кең көлемде аталып өтеді,  деді спикер.


Сондай-ақ 8 шілде күні Атырау қалалық денешынықтыру бөлімімен Атырау қаласының Жайық өзенінде «Байдарка есу» сайысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Баян Жанұзақова