Оператор РОП ісі бойынша іздеуде жүрген Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды.
Дубайда Оператор РОП құрылтайшысы ұсталды
1,228
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Бұл туралы Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимал агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды. Қазір Қазақстанның Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.