Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірді сумен қамтамасыз ету көлемін арттыру үшін «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты.
Жобаны іске асыру нәтижесінде «Каспийде» ауызсу беру тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғаюға тиіс, бұл өңірді сумен тұрақты түрде қамтып отыруға мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, жобаны аяқтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға шамамен 5 млрд теңге қажет.
Премьер-Министр Маңғыстау облысындағы Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін бұл жобаның маңызы зор екенін атап өтті.
«Үкімет оны жақын арада аяқтау үшін қажетті қаражатты бөледі. Облыс әкімдігі тұщыландыру зауытында жаңа өндірістік қуаттарды жедел іске қосу бойынша барлық шараны қабылдауы қажет»,– деді Әлихан Смайылов.