Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағасы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар – 443,84 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңгеден болса, сатып алу – 448 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,95-5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал Астанада көрші ел валютасы 4,90-5,08 теңге аралығында сатылымда.