Орман шаруашылығы қызметкерлері "Ертіс Орманы" орманшылығындағы өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
6 шілдеде сағат 10–05-те Шарбақты ауданындағы "Ертіс Орманы" орманшылығында (Шалдай орманшылығы, №107 орам) ауданы шамамен 1,4 гектар құрғақ шөп жанды.
Орман шаруашылығының 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы периметрі бойымен жерді жыртып, өртті қоршады. Елді мекендерге өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті орман шаруашылығы күштері сөндіріп жатыр.
фото: ult.kz