Азаматтық қорғау органдары ауа райының болжамды жағдайларына байланысты жоғары дайындық режиміне көшірілді, – деп хабарлайды ТЖМ.
Алдағы үш күнде 43 градус ыстық: Азаматтық қорғаныс күшейтілді
1,092
оқылды

Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градусқа дейін ыстық пен жаңбыр күтіледі.

"Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел  болады. 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады", – делінген жазбада.

Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бүкіл кезең бойына батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді.