СҚО тұрғынын жол апаты үшін жауапқа тартты.
Жол апатына кінәлі тұрғын 6 жылға сотталды
1,262
оқылды

Сот 6 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Оқиға сәуір айында болды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.   

Бұрын 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 33 жастағы тұрғыны мас күйінде өзінің Nissan автокөлігінің рөліне қайта отырған. 

Ауылда 30 км/сағ жылдамдықты шектеу белгісін елемей, ол 50 жастағы жергілікті тұрғынды қаққан. 

Жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Nissan автокөлігі бірнеше рет аударылып түскен. 

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 346-бабы 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

13 маусымда сот ауыл тұрғынын 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді. 

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол апаты болды. 4 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Қаңтар айынан бері СҚО жолдарында 117 мас жүргізуші ұсталды.