Оқыс оқиға 9 шілдеде сағат 11:51 шамасында Ерейментауда болған.
Қыздың ата-анасының айтуынша, қызы үйдің жанындағы дүкеннен қайтып келе жатқанда, оны көлік қағып кеткен.
Тәртіп сақшылары оқиға куәгерлерін анықтады, олар ВАЗ-21012 маркалы автокөліктің жолға шығып, баланы қағып кетіп, әрі қарай жүріп кеткенін растады. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншінің соқтығысуына жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалды. Сараптама тағайындалды. Дәрігердің қорытындысына сәйкес жүргізушінің «жоғары» дәрежеде алкогольге мас болғаны анықталды.