Ауа райының қолайсыздығына байланысты мәйітті іздеу жұмыстары кезінде біршама қиындық туындады.
Түркістан облысында таудан құлап кеткен туристің мәйіті табылды
775
оқылды

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристің денесі табылды.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір құтқарушылар 56 жастағы ер адамның мәйітін таудан түсіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте 1967 жылы туған адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда. Іздеу-құтқару жұмысына Түркістан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетсек, Төлеби ауданындағы Сайрам шыңын бағындырмақ болған ер адам қайтар жолда қауіпті аумақта таудан құлап кеткен болатын.