Ұлттық банктің 10 шілдедегі ресми бағамы бойынша 1 доллар 444,89 теңгеге тең болды.
Доллар бағасы күрт арзандады
3,442
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,11 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 445,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңгеден болса, сатып алу – 446 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,91 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,90 – 4,98 теңгеден сатылуда.