Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.
Астанада бала көтерген ер адамды соққыға жыққан сәт видеоға түсіп қалды
1,480
оқылды

Астанадағы Mega Silkway ОСО-дағы тамақтанатын орында төбелес болды. Белгісіз ер адам қолына кішкентай бала ұстаған екінші адамға жұдырық ала жүгірген. Оқиғаның бейнебақылау камерасына түсірілген видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеоны Egovpress Telegram-арнасы жариялады. Оқиға 18 маусымда болған. Қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты зардап шеккен тарап істі тежеген полицияның үстінен шағымданған. 

«Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ретте полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Басқа мәлімет жарияланбайды», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.