Маусым айында Алматы жолдарында полициядан қашып 23 күнге түрмеге қамалған белгілі әнші Төреғали Төреәлінің суреті жария болды, – деп хабарлайды Arbat.media.
Төреғали түрмеден шықты: әншінің фотосы тарады
52,560
оқылды

14 маусымда Алматы полицейлерінен қашып, соңында күштеп ұсталған әншінің қамаудағы мерзімі 8 шілде күні аяқталған болатын. Алайда әншінің шыққаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Ал әлеуметтік желідегі Төреғали Төреәлінің фанпарақшасында әншінің анасының құшағында ұйықтап отырған суреті жария болды.

Мұны желі қолданушылары бұрынғы сурет десе, кейбірі әнші үнсіз ғана қамаудан босап, әзірге «тыныш» жүргенін айтуда. 

Осыдан үш аптадан астам уақыт бұрын есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп, Алматы көшелерінде полициядан қашқан Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Ол өзінің өрескел әрекеті үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Сонымен бірге, 20 күнге қамауға алынса, кейін оған тағы 3 күн қосылды. 

Әншіні күштік құрылым өкілдері ұстағаннан кейін оған әлеуметтік желіде әріптестері қолдау көрсетті. Мәселен, Тоқтар Серіков жазба жариялап, «Еркелігіңді көтеретін елің қалмапты» деген болатын.