Бірнеше қалада арнайы іс-шара өткізді.
ҰҚК діни ағымның жетегінде жүрген 20 күдіктіні ұстады
3,302
оқылды

Биыл 4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қаласында екі қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды.

Тінту нәтижесінде қару-жарақ, есірткі заттары тәркіленді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілерден жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген.

Күдікті топтар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған.

Қылмыстық топ мүшелері бір-бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірін жүргізу үшін қару қолдана отырып, қақтығыстарға барғандары белгілі.

Іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді деп күтілуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.