Көкшетау қаласында есірткі таратқан Астана тұрғыны ұсталды.
Есірткі тарату үшін Көкшетауға арнайы келген жас жігіт ұсталды
1,182
оқылды

«Қарасора – 2023» және «Допинг» операциясы өтіп жатыр. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі тарату үшін Көкшетауға арнайы келген 23 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мефедрон бар 17 түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар ұсталған адам жедел қызметкерлерге есірткіні құпия орындарына жасырып үлгерген жерлерді көрсетті. 

Нәтижесінде, жігіттен салмағы 20 грамнан асатын 20 түйіншек және ұялы телефон тәркіленді, оның көмегімен есірткіні жасырын салу фото есеп жасаған. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. 

Күдікті Көкшетау қаласының УҰИ-ға қамалды.