Атырауда қоғамдық көлік пен жүк пойызы соқтығысты.
11 шілдеде болған апатты Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобустың теміржол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған.
Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен.
Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілді.