Атырауда жүк пойызы мен қоғамдық көлік соқтығысты. Бұл ақпаратты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Атырау қаласындағы Рауан көшесінде сағат 14:00 шамасында жүк пойызы мен жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына жолаушы тасымалдайтын Youtoung маркалы автобусы теміржол бойындағы қорғалмаған аумақпен жүргені себеп болған», – делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жарақат алған.
Жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлікте болған екі адамға медициналық көмек көрсеткен.
Зардап шеккендер облыстық аурухананың травматология пунктіне жеткізілген.