Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі
Ертең Қазақстанның 17 өңірінде аптап ыстық болады
3,812
оқылды

Еліміздің синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус. 13-14 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-38 градус қатты ыстық сақталалы. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде, 14 шілдеде батысында, шөлді аудандарында 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде облыстың басым бөлігіндн төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде төтенше өрт қауіпі күтіледі.