Ол шетелге саяхатты уәде еткен.
Атырауда туристік агенттіктің директоры сотталды
1,227
оқылды

Демалыс ұйымдастырып беремін деп 30 миллион теңгені жымқырған туристік агенттік директоры сотталды.

INFINITY TRAVEL M  туристік агенттігінің директоры Марта Нам  алаяқтық жолмен ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-директор 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Марта Нам Түркия, Египет, Грузияға демалыс турларын сатып, 23 адамнан бас-аяғы 30 миллион теңге жымқырған. 

Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Екі немесе одан көп адамдарға қарсы алаяқтық») бойынша жауап беруі керек. Сонымен қатар сот оны жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды міндеттеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Фото: google.com