Шымкент мұнай өңдеу зауытының вице-президенті қайтыс болды.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының 35 жастағы вице-президенті қайтыс болды
1,907
оқылды

Вице-президент Данияр Макишев 35 жасында өмірден өтті. 

Бұл туралы Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, Макишев жүрек ұстамасынан көз жұмған.

«6 жыл бұрын (2017 жылдың шілдесінде) осы қызметті атқарған Аслан Мыңбаев та (Сауат Мыңбаевтың туған інісі – ред.) жүрек ұстамасынан қайтыс болған», – дейді сарапшы Нұрлан Жұмағұлов.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС даму және коммерция жөніндегі вице-президент Данияр Макишев қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

Бұған дейін Мұнай-газ саласындағы маңызды объектілерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі туралы жазған болатынбыз.