Шымкент полициясы күдікті әйелді іздеп жатыр.
Полицейлер 60 миллион теңгені алдап алған әйелді іздеп жатыр
893
оқылды

Азиза Мамытқызы Мыңбаева 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Күдікті әйел 5 азаматтан 60 млн теңгені алдап алған. Сатылатын үйлердің иесіне ол жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған. 

Фотодағы әйелді көрген адам болса, 102 арнасына немесе көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды: (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41.