Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.
Қазақстанда жаңадан банк омбудсмені сайланды
1,384
оқылды

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 40-1-бабына сәйкес өкілдер кеңесінің кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов көпшілік дауыспен банк омбудсмені болып сайланды. 

Дархан Қадырбайұлының заңгерлік білімі бар, заң ғылымдарының докторы, профессор, іскерлік басқару магистрі (МВА).

Банк секторында жұмыс өтілі бар, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде, ҚР Ұлттық банкінде басшылық лауазымдар атқарған.

Агенттік Ерсерік Дәменұлы Сиырбаевқа банк омбудсмені лауазымындағы тиімді жұмысы, аталған институттың қалыптасуына және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.