Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды diapazon.kz.
Ақтөбе облысында бас маман әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджеттен миллиондап ұрлаған
1,211
оқылды

"Оның атқаратын қызметі бойынша әкімнің атынан қол қою құқығы бар, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электрон цифрлық қолтаңбасы да бар болып шықты. Ол 2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы желтоқсанға дейін әкімнің ЭЦҚ кілті көмегімен бюджет ақшасын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген", – делінген айыптауда.

Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге деп алған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасап, миллиондаған ақшаны жымқырған.  

Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарып, ұрлаған қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттеді.