Қайғылы оқиға 7А шағынауданында болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
14 шілдеде Ақтаудың 7А шағынауданында жағалауда 23 жастағы ер адам батып кетті. Сағат 14:26-да «102» кезекші пультіне оқиға туралы хабар түсті.
«Аталған факті қалалық Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу бірегей тіркеліміне 001-бабы бойынша («Адам өлімі») тіркелді. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес таратылмайды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.