Қайғылы оқиға бүгін, яғни, 15 шілде күні сағат 15:25 шамасында Атырау қаласының Баймұханов көшесінде орын алып отыр.
Төрт автокөлік соқтығысып, салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Көлікте болған тағы бір жасөспірім түрлі жарақатпен Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Өзге көліктердің жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетуде. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс-құжаттар жинақталуда", – деп түсінік берді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Баян Жанұзақова