Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкентте Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды
3,780
оқылды

Шымкентте пара алды деген күдікпен Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ҰҚКД және Шымкент қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды. Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.