Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотында Сарыағаштағы 5 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп танылған күдіктіге қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қаралды.
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: оқиға қалай болған?
1,264
оқылды

Тергеп-тексеру органы күдіктіге тағылған айыптардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, бұған дейінде аса ауыр, ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотты болғанын, оның бостандықта жүріп жәбірленушіге, куәларға қысым көрсету ықтималдылығын, істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екендігін көрсетіп, соттан күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды сұраған.

Іске тіркелген құжаттарда оқиға 13-шілде күні 13 сағат 30 шамасында болғаны көрсетілген.

«Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап алып кірген. «Тыңдау үшін жақсы ән қойып беремін» деп ауласына кіргізіп алған соң, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген»-делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соттың 2023 жылғы 15-шілдедегі қаулысымен күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды. Іске қатысушыларға қаулымен келіспеген жағдайда оны апелляциялық тәртіппен шағымдану құқықтары түсіндірілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.