Ауа райы желді болғандықтан жалынды бақылауға алу мүмкін болмай тұр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өртті ауыздықтау үшін әуе және жерүсті операциялары жүріп жатыр.
Бұған дейін Бодрумда да үлкен орман өрті орын алған болатын. Өрт Түркияның оңтүстігіндегі Милас-Бодрум халықаралық әуежайының маңындағы аумақты шарпыды. Жалын Мугла провинциясындағы әуежай маңындағы Акйол және Кемиклер ауылдары арасындағы орманда шыққан.