Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингіндегі позициясын жақсартты.
Орта салмақтағылар рейтингінде Нұрсұлтанов алтыншы болса, қазір бесінші орынға көтерілді. Мейірім сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізген болатын. Ол сегізінші раундта жапондық Кадзуто Такесаконы (15-1-1, 14 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO International титулын қорғады.
Сондай-ақ IBF рейтингінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың (19-1, 14 КО) позициясы өзгерді. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бері рингке шықпай, орта салмақтағы рейтингіде бесіншіден тоғызыншы орынға төмендеді.